Жаңалықтар тізбегі
0

Зергерлік бұйымдар, жер учаскелері, валюта: Қазақстанға қайтарылған заңсыз активтер қайда жіберіледі

  Заңсыз шығарылған активтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 12:47 Сурет: pexels, freepik
Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек 12 мамырда Бас прокуратураның кулуарында Қазақстанға қайтарылған заңсыз активтер қайда бағытталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол комиссия жұмысының нәтижесінде бүгінге дейін 760 миллиард теңгенің мүлкі елге қайтарылғанын атап өтті.

"Бұл комиссияның 7-8 айдағы жұмысының нәтижесі және бұл көрсеткіштер міндетті түрде өседі. Бұл сома мүлік, активтер және валюта түрінде қайтарылады. Комиссия жұмысының нәтижесінде құны 760 млрд теңге болатын активтер қайтарылды. Активтер Лихтенштейн, Австрия, Гонконг және БАӘ елдерінен қайтарылды", – деді Зейн Әліпбек.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша ондаған миллион доллар тұратын қымбат әшекейлер қайтарылған.

Сондай-ақ сотталушылар мемлекетке 172 млрд теңгені өз еркімен қайтарған.

"Қайтарылған активтер еліміздің әр саласына жіберіледі. Мысалы, салық төлеуден жалтарғандардың ісі бойынша біздің комиссия 100 миллиард теңгені қайтарды, ол салық органдарының жеке шотына түседі. Сонымен қатар заңсыз жолмен алынған 460 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер қайтарылды. Бұл да ауыл тұрғындарының пайдасына мемлекет меншігіне қайтарылды. Басқа тәркіленген мүлік қайда жіберілетіні талқыланып жатыр", – деп түйіндеді сөзін Зейін Әліпбек.

12 мамырда Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Қазақстанға 760 миллиард теңге қайтарылғанын хабарлады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: