Денсаулық сақтау министрлігі мүгедек балаларды емдеу құқығынан айыру туралы ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: unsplash
Әлеуметтік желілерде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық оңалтудың жаңа стандартына қол қойғаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пайдаланушылардың айтуынша, медициналық оңалтудың жаңа стандартына сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бұдан былай амбулаториялық оңалтудан өте алмайды. Құжат оларды жолдамаларды жылдар бойы күтуге тура келетін ауруханаларда ғана емдеуге міндеттейді.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа пікір білдірді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бұрынғыдай амбулаториялық және стационарлық жағдайда оңалтудан өте алатынын айтты.
"Жаңа стандарттың мәтіні баршаға қолжетімді және кез келген адам онымен таныса алады. Онда ДЦП дертіне шалдыққан балаларға амбулаториялық емделуге тыйым салатын тармақтар жоқ", – деп жазды StopFake.kz порталы.
2 мамыр күні көтерме және бөлшек саудада бағаны реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне өзгерістер енгізген Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript