Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрі Қарағанды ​​облысындағы уланған балалардың жағдайы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Қарағанды ​​облысындағы уланған балалардың жағдайы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 17:27 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Қарағандыда болып, облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында уланған балалармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ажар Ғиният облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығына барып, зардап шеккен балаларға медицина көмегі қалай беріліп жатқанын тексерді.

"Қарағанды ​​облысындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан келген 14 баланың бесеуі қазір ем қабылдап жатыр. Оң динамикасы бар балалар ерте реабилитациядан өтіп жатыр", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ажар Ғиният зардап шеккен балалардың жағдайы жақсарғанын, олардың емделуі республикалық мамандардың тұрақты бақылауында екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жағдайын үнемі қадағалап, оларға медицина көмегі қалай көрсетілетінін тексереді.

30 шілдеде Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану болды: әуелі орталықтағы екі бала өзін нашар сезінген. Кейін тағы 10 оқушы ауруханаға жатқызылған. 1 тамыз күні ауруханаға тағы екі бала түскен. Жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Емделіп шыққан балалар қазірдің өзінде жазылып кеткен. Уланудың себебін түсіндіруге тиіс сараптама қорытындысы әлі дайын емес. Екі бала қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: