Биыл Алматыдағы Сайранға су толтырылмайтын болды

Алматы, Сайран көлі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 14:44 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматылықтар биыл Сайран көлінде шомыла алмайды. Бұл жөнінде Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысының орынбасары міндетін атқарушы Сергей Герасименко мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тамыз айында көлге іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары басталатындықтан, су толтырылмайды.

"Құрылыс-монтаж жұмыстарын ескере отырып, биыл жағажайды ашу жоспарда жоқ. Қалалықтардан кешірім сұраймыз. Бір жыл сабыр сақтауды сұраймыз. Келесі жылы бұл аумақ абаттандырылады, демалуға ыңғайлы орындар пайда болады", – деп түсіндірді Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Сергей Герасименко.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін су толтырылады. Жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы да алынды. Алдағы екі айда құрылыс жүргізуге тендер өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: