АҚШ-тан келген сәлемдеменің ішінен есірткі табылды

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 01:51 Сурет: видео скрині

АҚШ-тан жеткен сәлемдеменің ішінен есірткі табылды. Бір топ адам мұны ойыншықтың ішіне жасырған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сәлемдеме халықаралық пошта арқылы АҚШ-тан әуелі Алматыға жетіп, одан кейін Астанаға жөнелтілген. Қорап сыртынан күдік туғызбағанымен, тексерушілер мұны рентген құрылғысынан өткізген кезде байқаған. Ішінен кептірілген марихуана шықты. Салмағы - 500 грамм.

"Иіс жою мақсатында есірткі заты герметикалық пакеттерге оралып, басқа зат түрінде АҚШ-тан Алматыға жіберіліп, одан әрі Астанаға жөнелтілген. Жедел іздестіру нәтижесінде есірткі заты бақыланатын жөнелтілімі жүргізілді. Бұл тауарға тапсырыс берушілердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді".ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: