Қазақстанда АҚШ – тан келген есірткі контрабандасының арнасы тоқтатылды

Наркотики, наркотические вещества, контрабанда наркотиков, запрещенные вещества, наркоторговля, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 09:42 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақмола көлік прокуратурасы және Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҚР аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 30 сәуірінде Бас көлік прокуратурасы берген мәліметке сай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық почта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды.

"Қазпошта" АҚ Кедендік бақылау аймағында Астана қаласында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді.

Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды.

16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: