Астанада есірткі арнасы жойылды
Сурет: видеодан скриншот
Полицейлер есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған 47 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Оның Ұлы Дала көшесінде орналасқан үйіне тінту жүргізген кезде героин табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ас үй тартпасынан ақшыл түсті түйіршікті консистенциясы бар полиэтилен пакет және электронды таразы табылды.
"Зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 88,89 грамм болатын "героин" есірткі заты болып шықты", – деді полиция өкілдері.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript