Астанада есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

Астанада есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 18:20 Сурет: polisia.kz
Астана полиция департаменті жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп 47 жастағы ер адамды ұстады. Оның пәтерінен екі келіден астам есірткі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту барысында электронды таразы, 87 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро және 3,5 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша табылды.


"Тергеу барысында ер адамның есірткіні сатып алушылармен жеке кездесіп, қолма-қол түрде сатқаны және төлемді тек қолма-қол қабылдағаны анықталды. Сараптама бұл есірткі затының гашиш екенін көрсетті, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымын дәлелдейді", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: