Ақмола облысының тұрғыны 5 млн теңгенің жылқы табынын жоғалтқан

жылқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2023 14:48 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысы Бұланды ауданының полиция бөліміне Макинск қаласының тұрғыны 14 бас жылқы жоғалғанын айтып жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мал иесінің айтуынша, жылқылар елді мекенге жақын жерде жайылымда болған.

Полицейлер бірнеше сағат бойы орман алқаптарын тексеріп, ауланы аралап шыққан. Іздестіруге  еріктілер мен орман қызметкерлері қатысты.

Полицейлер жылқыларды көрші аудан Біржан сал аумағынан бір тәулік ішінде тапқан. Қазіргі уақытта 14 бас жылқы иесіне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: