Жаңалықтар тізбегі
0

Енді қандас мәртебесін "бір терезе" қағидаты арқылы алуға болады

Енді қандас мәртебесін "бір терезе" қағидаты арқылы алуға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 11:10 Сурет: gov4c.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандас мәртебесін беру тәртібі өзгергенін айтты. Енді өтінімдер Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа тетік бірқатар мемлекеттерде пилот режимде іске асып жатыр. Бұл елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға мүмкіндік береді.


"Жаңа тәртіп пен басқа да бірқатар шаралар Мемлекет басшысы 2023 жылдың 19 сәуірінде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде бекітілді", - делінген министрлік хабарламасында.

Қазір этникалық қазақтардан өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс визалық режим елдерінде (Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан) орналасқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінде пилоттық режимде жүргізіліп жатыр. Кейінірек елшіліктер арқылы өтінімдерді қабылдау визасыз режимі бар елдерде де жүргізіледі.

Бұдан басқа, Enbek.kz порталы арқылы осы пилоттық жобаны (қандас мәртебесін беру және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі қызметтер) іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі енгізілді.

Бүгінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелде тұратын этникалық қазақтардан 771 (237 отбасы) өтініш қабылданды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: