Қазақстандық құрылыс компаниялары құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұр

Құрылыс компаниялары құрдымға кетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 14:04 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық құрылыс компаниялары құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұр. Құрылысшылар осылай деп дабыл қақты. Себебі елде саланы ынталандыратын сапалы бағдарлама жоқ.

Қарапайым халық дайын пәтерлерді сатып ала алмайды. Есеп бойынша қазір Қазақстан халқының төрттен бірі баспанаға мұқтаж. Ал несие бағдарламалары тиімсіз, деп жазады qazaqstan.tv.

Құрылыс тұраласа оның салдары өзге салаларға да тиеді, мыңдаған адам жұмысынан айырылады дейді олар.

"Халық үй алу үшін несиенің проценті жоғары. Осындай проблема болып тұр. Сол пәтерлер өтпей жатыр. Үй өтпесе бұлар келешекке жоспар құра алмайды. Ол несиені қашан төмендетеді? Қашан ашық бағдарлама болады? Оны бұлар түсінбей жатыр. Бізге 5 жылға 10 жылға бағдарлама бола ма болмай ма? Бізде ондай жоқ дейді." Дәурен Ағзымов, Тас өңдеу саласы одағының төрағасы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: