Жаңалықтар тізбегі
0

Ералы Тоғжанов мерейтойындағы қызметтік көліктер жөніндегі сұраққа пікір білдірді

Ақтөбе облысының әкімі, мерейтой, қызметтік көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 14:45 Сурет: amanatpartiasy.kz
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтан журналистер желіде тарап кеткен туған күніндегі мейрамхана жанындағы қызметтік көліктер жөнінде сұрады. Өңір басшысы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Ералы Тоғжановтан Ақтөбедегі мейрамханаға жұмыс уақытысынан кейін облыс басшысының туған күнін тойлауға қызметтік көліктермен келген аудан басшылары мен әкімдік қызметкерлеріне қандай шара қолданылғанын сұрады. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мерейтойын үйінде атап өткенін айтты.
"Ал егер ол жерде (Ақтөбедегі мейрамхананың жанында. - ред.) көліктер болса, қызметі бар деп ойлаймын, мен тапсырма беріп қойғанмын. Бірақ, менің мәліметім бойынша, сол күні еш жерде бірде-бір мемлекеттік көлік болған жоқ. Ол мүмкін емес, мен бұл сұраққа осылай жауап бере аламын". Ералы Тоғжанов

Желіде қызметтік көліктердің, олардың мемлекеттік нөмірлері мен мейрамхананың фотосуреттері тарап кеткені жөніндегі сұраққа ол мұны құқық қорғау органдары тексеретінін айтты.

"Мұнымен айналысатын құқық қорғау органдары бар. Жұмыстан тыс уақытта ол жерде (Ақтөбедегі мейрамханада. – ред.) қызметтік көліктер болмауға тиіс, болмауы керек еді". Ералы Тоғжанов

Бұл ретте Ералы Тоғжанов құқық қорғау органдары қызметтік көліктер туралы мәліметтерді беріп, олардың жұмыс уақытынан кейін пайдаланылғанын растайтын болса, шенеуніктерге тиісті шара қолданылатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: