Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Алпамыс Бектұрғановпен кездесу кеші өтті

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі  Алпамыс Бектұрғановпен кездесу кеші өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 17:19 Сурет: Қадыр орталығының баспасөз қызметінен алынды
"Жанры бөлек жазушы". Дәл осындай атаумен Қадыр Мырза әлі атындағы өнер және мәдениет орталығында белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Алпамыс Бектұрғановпен кездесу кеші өтті.

Әдеби-сазды һәм рухани кешті орталық директоры Бауыржан Халиолла өзі жүргізді.

Ең алдымен кеш иесі Алпамыс Мыңғазыұлының көпті көрген өмірі мен шығармашылығы туралы бейне сюжет көрермен назарына ұсынылды. Рухани кеште облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұханғалиев қаламгерді құттықтай келіп, басқарма басшысының атынан алғысхат табыс етті. Өңірімізге белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Айтқали Нәріков кеш иесіне ағалық ақ тілегін арнады.

75 жастағы Алпамысқа қарап отырып, 22 жастағы Алпамыс есіме түсіп отыр. 1968 жылы «Орал өңірі» газетіне қызметке келдім. Екі-үш жылдан кейін сержант киімінде бір жас жігіт келіп, үлкен ақынымыз Жанғали Набиуллинге амандасты. Солдан кейін бұл кісінің жазғандары облыстық газет беттерінде көріне бастады. Оған да 50 жылдан астам уақыт өткен екен. Жалпы қаламгерде мінез болу керек. Мінезсіз адам ез болады, мінезді адам жарып шығады. Детектив жанры - ауыр жанр. Сол жанрдың тізгігін ұстап, бірнеше кітап шығарды. Бұл отбасымен өте жақын араластым. Ата-анасы, бауырларын танимын. Мыңғазы әкемізді көре қалдық. Алпамыстың ұл-қыздары ел үшін еңбек етуде. Өмір қызық ғой. Алпамыс өмір жолында кездескен барлық қиындыққа төтеп беріп, бүгін төрде отыр. Әдебиет жолында өмірін арнаған бүгінгі кеш иесіне әдеби табыстар тілеймін,- деді ақын, Айтқали Нәріков.
Алпамыс Бектұрғановпен кездесу кеші өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 17:19

Сурет: Қадыр орталығының баспасөз қызметі

Жазушы, журналист Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин ақ тілегін арнап, інілік ілтипат танытты.

Кеш жүргізушісі суреттегендей, қалыпқа көнбейтін, шеңберге сыймайтын жазушының «Із кесу», «Жарқанат операциясы», «Сен кімсің?», «Тұрыңыздар, сот келеді», «Топырағыңа табын» атты кітаптары детективсүйер оқырманға жақсы таныс.

Әдеби кеште Қызылорданың Арал қаласында туып, Орал қаласында ат жалын тартып мінген азамат Алпамыс Мыңғазыұлы туралы әдемі естеліктер айтылды.

Шара соңында орталық басшысы Бауыржан Халиолла Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма Төрағасы Мереке Құлкеновтың құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Сонымен қоса, БҚО филиалы атынан 75 жасына «75 тал гүлді» ақ конвертке сыйдырып сыйға тартты.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі  Алпамыс Бектұрғановпен кездесу кеші өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 17:19

Сурет: Қадыр орталығының баспасөз қызметі

Болмысы басқаға ұқсамайтын қаламгердің кешінде республикалық конкурстардың лауреаттары «BatysStar» тобы және «Інжу» дуэті, Мәди Сабыров, Гүлзада Ахметова, Берік Шаймарданов, Әділ Ахметов секілді өнерпаздар өнер көрсетті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: