Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
"Алматы су" МКК мәліметінше, келесі аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын үйлерін суық сумен жабдықтаудан ажырату жоспарланып отыр.
Бұған себеп: Бұқтырма көшесі мен Құлжа жолы қиылысында жол-көлік айрығын салу шеңберінде үш кезеңде құрылыс орындарының астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару орындалады.
21 мамыр күні сағат 22-00-ден 22 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін мына аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:
- Түрксіб ауданы, «Нұршашқан» шағын ауданы, «Қайрат» шағын ауданы;
- Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш елді мсекендері;
- оның ішінде «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City», «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа жолы бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).
24 мамыр күні сағат 23:00-ден 26 мамыр күні сағат 9:00-ге дейін «Nomad city» ТК суық судан ажыратылады.
28 мамыр күні сағат 22:00-ден 30 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін төменде келтірілген келесі мекен-жайларда суық су болмайды:
- Түрксіб ауданы, «Нұршашқан» шағын ауданы, «Қайрат» шағын ауданы;
- Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Лучь, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері;
- оның ішінде «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City", «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа жолының бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).
"Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", - делінген "Алматы су" МКК хабарламасында.