Алматының бірнеше шағын ауданында суық су өшіріледі
Сурет: Zakon.kz
Алматының бірнеше шағын ауданында суық су бірнеше сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы Су" МКК хабарлауынша, 26 қазан күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Жетісу ауданында, Ангарская (Серіков көшесіне дейін), Ратушный, Обская, Февральская, Қазыбаев көшелерінде (Серіков, Шілдехан көшелері), Алатау ауданында, Қарасу, Өжет шағын ауданында, Үлкен Алматы каналы мен Боралдай көшесіне дейінгі аралықтағы Солтүстік айналым көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.
"Суық су жаңа су құбырын іске қосуға байланысты өшіріледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66"."Алматы Су" МКК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript