Алматының бірнеше шағын ауданында су өшіріледі

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, потребление воды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 16:07 Фото: freepik
Алматыда жаңа су желілерін іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты бірнеше шағын ауданда суық су өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы су" хабарлағандай, осыған байланысты 2 наурызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Ұлықбек көшесінің бойында, Момышұлы көшесінен Сайна даңғылына дейін орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру шектеледі. Сондай-ақ мына шағын аудандарда: Жетісу-1, Жетісу-3, Ақсай-4, Ақсай-5, Достық.

"Бұл шаралар қауіпсіздікті және жұмыстың сәтті аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажет", – деп түсіндірді компания.

Тұрғындардан қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

"Алматы су" диспетчерлік қызметі: 274-66-66.

Бір күн бұрын, 27 ақпанда қала әкімі Ерболат Досаев 50 мың алматылықтың су мәселесі қалай шешілгенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: