Қазақстанның жаңа картасына қанша ақша жұмсалды
Сурет: Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажмұхан Бекмұқашев Қазақстанның жаңа картасына қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Цифрландыру министрлігі өкілінің айтуынша, Қазақстанның әкімшілік картасын, сондай-ақ алты облыстың картасын және облыс орталықтарының жоспарын жасауға 56 миллион теңге жұмсалған.
"Қазақстанның жеке картасын алсаңыз, 10 миллион теңге. Жалпы, республикалық бюджеттен 56 миллион теңге жұмсалған". Қазмұхан Бекмұқашев
2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы күшіне енді.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ресми түрде жаңа аймақтар құрылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript