Шымкентте әйелін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 23:10 Сурет: pixabay

Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірді деген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 11 айға созылған тергеу барысында 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны 9 жылға сотталды. Бірақ сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Қылмыстық іс адам денсаулығына аса ауыр зиян келтіру бабы бойынша қозғалған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Д.Қонаев гүлзары бойындағы пәтерлердің бірінде болған. Белгілі болғандай, жаңа үйленген жұптың арасында жанжал туындап, сотталушы әйел адамның жағы мен оң жақ иегі тұсына жұдырығымен ауыр соққы жұмсаған.

"Сотталушы Д. 2022 жылдың 26 маусымы күні жәбірленуші Б-мен Шымкент қаласының Д.Қонаев гүлзары бойындағы үйдің пәтерінде бола тұра, араларында туындаған ұрыс-керіс барысында жәбірленушінің жағы мен оң жақ иегі тұсынан жұдырығымен ұрып-соғып, қасақана ауыр дәрежедегі дене жарақатын салған, нәтижесінде Б.-ның өліміне әкеп соққан. Сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелермен расталды". Шымкент қалалық ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Сәбит Төреханов

Сотталушының кінәсі тергеу нәтижесінде расталып, ол сот шешімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ сотталушы өз кінәсін мойындамаған көрінеді. Ал 32 жастағы марқұмның анасы үкімнің жеңіл екенін айтып, сұхбат беруден бас тартқан. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Егер қос тарап шешіммен келіспесе, 15 күн ішінде аппеляциялық шағым түсіреді.

"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Д.-ға қатысты ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен қылмыстық істі қарады. Сот отырысы ашық тәртіпте, мемлекеттік айыптаушының, жәбірленуші өкілінің, сотталушының, оның қорғаушыларының қатысуымен өткізілді". Шымкент қалалық ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Сәбит Төреханов

Ер адамның бірінші некесінен 4 баласы, ал марқұмның артында 1 қызы қалған. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сотталушының туған-туыстарының сөзінше, олар қайғылы оқиға болатын күні мұсылманша некесін қиған екен. Ал сот барысында олардың спирттік ішімдік ішкені анықталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: