Елордалық мұғалім қазақ фольклорын ағылшынша сөйлетіп, оқыту әдісі ретінде қолданған

Астанадағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін ағылшын тілінде сөйлетті. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, шет тілін оқытудағы жаңа әдіс оқушылардың ынтасын арттырып, оқу үлгеріміне оң әсерін тигізген көрінеді.
Мұғалім Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі мен «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісінен үзінділерді ағылшын тіліне аударған.
"39 жыл ұстаздық еткен тәжірибемде сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану, тілді ән және фильмдер арқылы үйрету әдістерін пайдаландық. Алайда танымал шығармалар мен қазақ ертегілерін аударып оқыту балалардың қызығушылығын арттырып, оң нәтиже берді", - дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Түйтина.
Бүгінде Зәмзәгүл Түйтинаның шәкірттері "Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт" республикалық жобасы аясында батыс әдебиетін ағылшын тілінде оқып жатыр. Соынмен қатар мұғалім Зәмзәгүл Түйтина - «Reading for pleasure» ағылшын тіліндегі нұсқаулықтың авторы. Оған балалар әдебиетінің классиктері мен ең танымал заманауи авторлардың үзінділері енгізілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript