Шекарада 50 миллион теңгенің тауары тәркіленді

Қостанай облысында шетел азаматы жалпы құны 50 млн теңгеден асатын электронды темекі өнімдерін Ресейге заңсыз алып өтпек болған.
«Қайрақ» өткізу бекетінде жүк көлігін тексерген шекарашылар контрабандалық өнімнің жолын кесті.
Тауардың акциздік маркісі және ілеспе құжаттары болмаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Тәркіленген 205 қораптағы вейп темекі және ұсталған шетел азаматы аймақтық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript