Жаңалықтар тізбегі
0

Үндістандық туристерден 800 АҚШ долларын алған алматылық таксист жазаланды

таксист, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 23:07 Сурет: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Шетел азаматтарын жеткізіп, жол ақысына 800 АҚШ долларын алған такси жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, 21 мамырда Алматы халықаралық әуежайы маңында ер адам Үндістаннан келген туристерге "Қонақ үйге дейін 1 мың теңгеге апарып тастаймын" деп такси қызметін ұсынып, өз көлігіне отырғызған. Алайда ол қонақ үйге жеткенде ол туристерден 1 180 АҚШ долларын сұраған, бермеген жағдайда "сөмкелерді қайтармаймын" деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 АҚШ долларын беруге мәжбүр болған. Үнді азаматтары бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына шағым түсірген.

"Полицейлер 27 жастағы жігітті ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ол өз кінәсін толық мойындап, шетел азаматтарына келтірілген шығынды өтеп берді. Ал шетелдік туристер Қазақстан полициясына алғыс білдірді". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Такси жүргізушісінің көлігі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін және төленбеген айыппұлына байланысты арнайы тұраққа қойылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: