Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны кафенің кілтін тауып алып, кассасын тонап кеткен

ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 23:00 Сурет: polisia.kz
Астанада кафенің кілтін тауып алып, кассасын тонап кеткен тұрғын анықталды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам кафе қызметкерлерінің кілттерді табалдырықтағы бөшкенің астында қалдыратынын байқаған. Таңертең ер адам кафенің кіреберісінен тауып алған кілтпен есікті ашып, ішке кірген. Содан кейін ол кассадан 155 мың теңгені ұрлап, қашып кеткен.

Байқоңыр ауданының полицейлері бейнебақылау камераларынан қарап, ер адамның орналасқан жерін анықтады. Содан кейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оны ұстады. Ол қаланың 32 жастағы тұрғыны болып шықты.


Тергеу барысында оның бұған дейін де ұрлықпен айналысқаны анықталды. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін астаналық азамат бас бостандығын шектеу түрінде сотталған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам ұрлық жасағанынын мойындаған, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: