Жаңалықтар тізбегі
0

35 градус ыстық, найзағай, жел: 13 өңірде ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 00:06 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері кей өңірде 35 градус ыстық, ал кей өңірде найзағай ойнап, шаңды дауыл болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, 27 мамырда басым бөлігінде, 28 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 26-28 мамырда күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі бар.

Астанада найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар. 

Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігіңде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының батысында, онтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: