Синоптиктер үш қалада ауаның ластанатынын болжады

ауа, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 09:36 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы, Петропавл және Ақтөбе қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайды болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның үш қаласында 27 мамырда зиянды заттардың шоғырлануы күшейеді. Сенбі күні Алматы, Ақтөбе және Петропавл тұрғындары үшін ауа райы қолайсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бұл аз уақытқа созылатын, бірақ атмосфералық ауаның сапасына және халықтың денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: