Қазақстанда шипайжайда ерлерге қарағанда әйелдер көбірек демалады

шипажай, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 12:32 Сурет: pixabay
Қазақстанда шипайжайда ерлерге қарағанда әйелдер көбірек демалады, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болды, оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.

Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3.

Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан. Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді.

Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан.

Былтыр шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60%-ы – әйелдер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: