Қостанайда мектеп оқушысы 4-қабаттан құлап кетті
Сурет: Zakon.kz
Қостанайда 13 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Ол абайсызда тым қатты еңкейіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Alau.kz-тің хабарлауынша, оқиға 27 мамырда сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйде болған.
Полицияға және жедел-жәрдемге болған оқиға туралы көршілері хабар берген. Олар жұмыста жүрген ата-анасына да қоңырау шалған.
Қыз бірнеше жері сынып, ауруханаға жеткізілді.
Пәтерде тоғыз жастағы сіңлісі мен екі жасар інісі болған.
Қостанай облысының полиция департаменті жыл басынан бері өңірде терезеден 8 бала құлағанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript