Солтүстік Қазақстан облысында сәби терезеден құлап кетті

бала, терезе, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 15:05 Сурет: pexels
Екі жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ол Қызылжар ауданы Бескөл аудан орталығында екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz

Кішкентай қыз бала жоғары сынып оқитын әпкесімен қалған. Бүлдіршін терезеден, москит торынан құлап кеткен. Қыздың жағдайы тұрақты, ауыр.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балаларды ересек адамның қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салып, терезелерге блокатор орнатуды ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: