Павлодарлық бүлдіршін терезеден құлап, аман қалды
Фото: pexels
Павлодарда төрт жасар қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оқиға 2026 жылғы 18 тамызда болған. Құлағаннан кейін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 20 тамызда "Ирбис ТВ" телеарнасының хабарлауынша, дәрігерлер зардап шеккен баланы тексеріп, қажетті медициналық шараларды жүргізген.
Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала ауыр жарақат алмаған.
"Қыз бала тексерілді, қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Ауруханаға жатқызуға көрсетілімдер анықталған жоқ. Одан әрі амбулаториялық бақылауға жіберілді", – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript