Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Жедел жәрдем, Ақмола облысы, Қосшы, терезеден құлау, төрт жасар бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 14:00 Сурет: primeminister.kz
Қосшы қаласында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Дәрігерлер баланың жағдайына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға бүгін, 20 шілдеде таңертең көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болды. 

Түрлі жарақаттары бар ұл бала Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар  ауруханасына жатқызылды.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайына қатысты түсініктеме берді:

"2020 жылы туған бала. Қойылған диагноз: жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының жарақаты, қарын тұсына келтірілген қатты жарақат. Дәрігерлер оның жағдайын "орташа ауырлық дәрежесінде" деп бағалайды".

ТЖМ осындай жағдайлар қайталанбас үшін ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ:

  • москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: