Сәтбаевта төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

24 шілдеде Сәтбаев қаласында төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торлары құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
24 шілдеде Ақмола облысында екі жасар қыз терезеден құлап кеткені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз