Алматы облысында ер адам туған қыздарын зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: istockphoto
Алматы облысында ер адам туған қыздарын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, зорлыққа қатысты барлық дәлел бар, мұны қыздардың өзі жинаған.
"Кеше менің оқырманым Еңбекшіқазақ ауданынан екі жиенін әкелді. Туған әкесі әуелі үлкен қызын, кейін кішісін зорлаған. Осы уақытқа дейін олармен кезек-кезек жыныстық қатынасқа түскен! Қыздардың анасы мұны білген, бірақ үндемеген. Айтпақшы, әкесі екі әйелге үйленген, екеуі де балаларымен Есікте бір үйде тұрады. Қыздар бойжеткенше төзіп келген. Олар ақша жинап, менің танысыммен қашып кетті. Талдықорған полициясына арыз жаздық. Зорлағаны туралы дәлелдер бар, қыздар осы күнге дейін аудиожазбаларды жинап келген", - деп жазды ол.
Алматы облысы полиция департаменті бұл факті аудандық ішкі істер бөліміне тіркелгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілген.
Полиция бұған дейін бұл дерек бойынша ешкім полицияға хабар бермегенін, тергеу облыстық полиция департаментінің бастығының ерекше бақылауына алынғанын хабарлады. Ведомство сонымен бірге ақпаратты мейлінше жылдам беруге уәде етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript