Қала күніне орай Ақтөбеде «АРТ FEST» фестивалі өтті

Қала күніне орай Ақтөбеде «АРТ FEST» фестивалі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 13:33 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Мәдени-әдеби алаңға айналған «Абай» гүлзарында «Ақтөбе – менің мақтанышым» тақырыбында қыл қалам шеберлерінің фестивалі өтті.

Оған қала әкімі Мұрат Жөребеков, мәслихат хатшысы Анар Даржанова, депутаттар, қоғам белсенділері қатысты.

Фестивальге қаламыздан 150 оқушы, 15 кәсіби суретші, 20 студент қатысып, Ақтөбеміздің көркем келбетін кескіндеді. Қолөнершілерден құралған топ панно тоқып, Ақтөбенің эмблемасын таңбалады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұдан соң, қаламызда өткен «Ақтөбе қаласының абаттандырылған ең үздік ауданы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздар қатарында Балауса, Есет батыр тұрғын алаптарының, Батыс-2 шағын ауданының, қаланың орталық бөлігінің кондоминимум басшылары, кәсіпкерлер, мектеп, колледждер, қала тұрғындары және т.б. бар.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

5 номинация бойынша 15 жеңімпазға сыйлықтар табысталды: «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы», «Аумағы абаттандырылған ең үздік кәсіпорын мен ұйым», «Үздік аула сыпырушы», «Үздік безендірілген және абаттандырылған жеке үй». Айта кетсек, байқау қала әкімінің «Ақтөбе қаласының үздік абаттандырылған ауданы конкурсын өткізу туралы» қаулысы аясында өткізілді.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мұндағы басты мақсат қоғам назарын тазалықты сақтауға көңіл аударуға, қаламызды көркейту мен абаттандыруға шақыру.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: