Алматыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қандай шаралар өтеді

саяси қуғын-сүргін құрбандары, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 00:58 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қандай іс-шаралар өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сағат 9-да Алмалы ауданында Қарағайлы алаңында қала басшылығының, қоғам қайраткерлерінің, саяси қуғын-сүргін құрбандарының және жастардың қатысуымен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Гүл қою рәсімі қаланың басқа да аудандарында жоспарланған:

  • Әуезов ауданында Т. Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Жандосов көшесі, 55 мекенжайындағы Нархоз университетінің алдындағы гүлзарда өтеді;
  • Алмалы ауданында М. Тынышпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 30 мамырда сағат 09:30-да Шевченко көшесі, 97 мекенжайында, Т. Жүргенов ескерткішіне – 31 мамырда сағат 09:00-де Панфилов көшесі, 127 мекенжайында және А. Байтұрсынов ескерткішіне – 31 мамырда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесі, 60 мекенжайында өтеді.
  • Алатау ауданында "Қандысай жазығы" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Қарасу шағынауданы, Центральная көшесі, 37 мекенжайы бойынша өтеді;
  • Бостандық ауданында О. Жандосов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Жандосов көшесі-Гагарин даңғылының қиылысында өтеді.
  • Медеу ауданында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарихқа тағзым" концерті 31 мамыр күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: