Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Сурет: Zakon.kz
Абай облысында орманды қалыпқа келтіру үшін 5100 гектар жерге 30 миллионға жуық ағаш отырғызылады.
Мұндай жұмыс өткен аптада жанып кеткен қарағайлы орман аумағында да жүргізілмек. Бұл туралы аймаққа барған Экология және табиғи ресурстар министрі айтты, деп жазады qazaqstan.tv.
Өрттің салдарынан 3,5 мың гектардай аумақты қызыл жалын шарпыған. Өрт қазір толық сөндірілді. Жергілікті деңгейде жарияланған төтенше жағдай режимі 1 апта бойы сақталады.
"Тиісті қаржы бөлінген болатын. Біз енді өрт сөндіруге қажет қосымша техника мен құралдар сатып аламыз. Оған қоса өрттің ошағын ерте анықтайтын жүйелер орнатылады. Ол үшін де керек қаражат бөлінген." Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript