"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 14:50 Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында "Қошқар-Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары басталды. 2025 жылдың қазан айынан бастап 640 гектар жерге 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылып, заманауи суару жүйесі орнатылады.

Қазіргі таңда қойма аумағын темір қоршаумен қоршау жұмыстары жүргізілуде. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында іске асырылуда.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қоймаға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 14:50

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

2024 жылғы зерттеу нәтижесінде қойма аумағында радиоактивті ластану шекті деңгейден аспайтыны анықталып, биологиялық рекультивация жұмыстары ұсынылған болатын. Осы негізде "2025-2026 жылдарға арналған жасыл қорғау аймағын құру жобасы" әзірленді.

Жоба өңір экологиясын жақсартуға, халық денсаулығына әсер ететін факторларды азайтуға, сондай-ақ қалдық қоймасының ұзақ мерзімді экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 14:50

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шара барысында өңір басшысына жобаның жүзеге асырылу барысы мен алдағы жоспарлар таныстырылды.

Әкімнің айтуынша, бұл бастама өңір үшін стратегиялық маңызға ие.

"Қошқар-Ата қалдық қоймасы – халық арасында көптен бері алаңдаушылық туғызып келе жатқан мәселе. Бүгінгі басталған жұмыстар – экологияны сауықтыруға бағытталған маңызды қадам. Біз бұл істі жүйелі әрі ашық түрде жүзеге асыруға мүдделіміз. Жоба Мемлекет басшысының бақылауында тұр. 2026 жылдың аяғына дейін аяқталу қажет", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Бұған дейін Қазақстан 2025 жылғы өнімді қай елдерге экспорттауды жоспарлауда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: