Президент тапсырмасымен аймақ тілшілері баспаналы болады

Ключи от новых квартир, ключи от новой квартиры, новая квартира, ключи от новых домов, ключи от нового дома, новые дома, новый дом, новоселье, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 14:04 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде журналистердің қоғамдағы рөлін жоғары бағалап, мемлекет медиа саласы мамандарын қолдауды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын, ағартушылық қызмет атқарған және халықтың сана-сезімін оятуға үлес қосқан тұлғалар еңбек еткен.

"Олар халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, халықты білім мен ғылымға шақырды. Сіздер де аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келесіздер, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіби мереке қарсаңында БАҚ өкілдеріне баспана кілтін табыстыру игі дәстүрге айналған.

Президент соңғы үш жылда елордада 200 журналисттің баспаналы болғанын айтып, енді бұл бастаманың ауқымы кеңейтілетінін жеткізді.

" Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәліметінше, биыл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкері баспанамен қамтамасыз етіледі.

"Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі. Бәріңізге құтты болсын деймін! – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: