Жаңалықтар тізбегі
0

«АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметкері Алматы облысындағы 3 ауылдың ақшасын жымқырған

«АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметкері Алматы облысындағы үш ауылдың тұрғындарының ақшасын жымқырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 10:59 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысындағы үш ауыл тұрғындарының ақшасын энергиямен қамтамасыз ететін мекеме қызметкері төрт жыл бойы жымқырып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, 2019 жылдан 2022 жылға дейін,құқығы болмаса да ауыл тұрғындарынан тұтынылған электр энергиясы үшін төлем қабылдаған. Яғни Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылының тұрғындарына жалған төлем түбіртектерін беріп, алған ақшаны өз қажетіне жаратып отырған.


"Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін әріптестерінің логиндері мен құпия сөздерін пайдаланып, дерекқорға жалған ақпарат енгізген", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғынын электр желісінен ажыратуға жол бермеу, сондай-ақ 16 миллион теңгеге жуық залалдың орнын толтыру шараларын қабылдады.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: