Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда болған жарылыс шығыны 26 млрд теңгеден асады

Жамбылда болған жарылыс шығыны 26 млрд теңгеден асады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 16:17 Сурет: pixabay
Жамбылда осыдан 2 жыл бұрын болған жарылыстың жаңғырығы әлі басылмай тұр. Әскери қоймадағы апатқа қатысты сот процесі жүріп жатыр.

28/349 Әскери бөлім қоймасындағы қопарылысқа қатысты көшпелі сот отырысы наурыз айының 7-де басталған болатын. Содан бері Тараздағы 85 те 395 әскери бөлімінде 40-қа жуық сот отырысы өтті. Ал жарылыстың жалпы шығын көлемі 26 миллиард теңгеден асатыны осы соңғы сот процесінде айтылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы судьялар қарауына 850 томдық іс түскен. Екі айдан бері жалпы саны 250 адам куәгерлік етуде. Жауап алынғандар 6 адам айыпты ретінде танылған. Олардың бірі әскери қойманың бұрынғы командирі екен. Сондай-ақ тағы 4 офицер мен 2-і сарбаз бар.

"Айыптылар «өз жұмысына салғырттық таныту, қару-жарақты сақтауда қауіпсіздік ережелерін ескермеу» бабы бойынша сұралуда. Жалпы куәгерлерден жауап алу алдағы екі аптада аяқталмақ. Еске салайын, Байзақ ауданында болған жарылыстан 18 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды." Данияр Әлімқұл, тілші

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: