Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 5 адамның өліміне себеп болған автобусты басқа жүргізуші айдауы керек болған

Шымкент, автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2023 01:01 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Шымкентте жантүршігерлік автобус апатына қатысты сот жүріп жатыр. Екінші отырыста тың деректер анықталды. Сол күні қоғамдық көлікті басқа жүргізуші айдауы керек болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте автобус апатына қатысты сот отырысында 20 куәгерден жауап алынды. Сот отырысында оқиғаның мән жайын алғашқы болып автопарк легінің басшысы Ерғали Ыстамбековтен сұрады.

Оның сөзінше, Хайрулла Юлдашев ол күні демалыста болған. Алайда басшылыққа ескертпестен жүргізушілер өзара келісіп, бірін-бірі алмастырған. Ал парк басшылығы мұны оқиғадан кейін біліпті. Олардың айтуынша, күдікті міндетті түрде тексерістен өтуі керек болған.

"Мамыржан Жолдасов таңертең шыққан. Механиктен барлық анықтамасын алған. Ал 5-те Юлдашевпен ауысқан екен. Таңертең барлығын тексеріп отырамыз. Автобуста қол тежегіші міндетті түрде болады. Оны тартқан, тартпағанын білмеймін. Себебі өзім көрген жоқпын. Тергеуде қойылмаған деп тұр". Shymkent bus автопаркі легінің басшысы Ерғали Истамбеков

Оған қоса маман, жүргізуші сақтық шараларын дұрыс қолданбағанын алға тартты. Ерғали Ыстамбековтың сөзінше, ол оқиға барысын тексеру үшін камераны ашқан. Алайда қажетті бейнежазбаға қол жеткізе алмапты. Өйткені камера басқа бағытқа бұрылып қойылған.

"Бейнежазбаны ІТ-мамандар ашып қарады. Камера бір шетке қарай бұрылып қалған. Біз негізі күнде таңертең тексеріп тұрамыз. Одан кейін барып өздері бұрып қойса керек. Мүмкін билет шығармау үшін немесе салонда отырып темекі шегеді, соны жасыру үшін ауыстырған шығар деп ойлаймын". Shymkent bus автопаркі легінің басшысы Ерғали Ыстамбеков

Ал автобус тізгінін ауысуды сұраған Мамыржан Жолдасовтың жұмысқа тұрғанына бір ай ғана болған екен. Айтуынша, ол әлі автопарк ережесімен толық танысып үлгермеген. Ал сол күні айдаған №266 қоғамдық көлік оның атына тіркелмепті.

"Хайрулла аға ортақ чатта айтып отырды соңғы айналымда айдап береміз деп. Сол күні кезекке шығатынымды маған да түнде айтқан еді. Автобус менің атымда емес, оған бірінші рет отырып тұрмын. Маған 271 көлік тіркелген. Өзіміз ауысуға ақылдастық. Бірақ чатта бригадиріміз болды. Сол кісі білді. Олар 2-3 күн бұрын ауысатынымызды білді. Лек басшысы ол жерде бар жоғын білмейді екем. Көліктің техникалық жағдайын мен білмедім. Маған таңертең осыны мінесің деді. Соған мініп кеттім". Автобус жүргізушісі Мамыржан Жолдасов

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға сәуірде болған. Бұл жайтқа байланысты іс 5 айдан бері жүргізіліп жатыр. Тергеушілердің мәліметінше, қоғамдық көлік қолтежегішке қойылмаған. Сондықтан жәбірленушілер күдіктінің жазасын алуын талап етіп отыр. Ал Юлдашевтің туыстары алдымен автопарк иелері жауапқа тартылуы керек деп есептейді. Сот процесі әлі жалғасады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: