Ақтөбеде скутер мінген 16 жастағы бала жол апатынан опат болды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 22:31 Сурет: видео скрині
Ақтөбеде скутер жүргізген 16 жасар бала жол апатынан қайтыс болды, бұған қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

31 мамырда Ақтөбедегі Жангилдин мен Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан. Скутерді 16 жастағы бала айдап бара жатқан.

Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер ол жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: