БҚО-да жол апатынан 3 адам мерт болды, ішінде бала бар

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам мерт болды, арасында кәмелетке толмаған бала бар.
2023 жылғы 20 мамырда сағат 23:05 шамасында Changan автокөлігін мінген 46 жастағы жүргізуші "Подстепное - Меловые горьки" тас жолының 5-шақырымында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан жартылай тіркемесі бар Volvo көлігімен соқтығысқан.

Сурет: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2011 және 1977 жылы туған екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында есін жимастан қайтыс болды.

Сурет: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабы бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript