Жаңалықтар тізбегі
0

"Елорда жастары" бағдарламасымен өтініш қабылдау басталды

ипотека Сурет: pixabay
"Елорда жастары" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға жасы 35-ке дейінгі мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік және коммуналдық қызметкерлер қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бағдарламаны жүзеге асыруға Астана қаласы әкімдігі мен "Отбасы банкі" 3 миллиард теңге бөлген. Бұл қаражат бағдарламаның 200-ге жуық қатысушысына жетеді.

Несие мөлшерлемесі 5% және ең жоғары сомасы 18 миллион теңге болады.

Өтініш qatysu.zhilfond.kz сайтында қабылданады. Бұл үшін электрон цифрлық қолтаңба керек. Үміткерлер балл жүйесімен іріктеледі.

"Қатысушы Астана қаласында кем дегенде кейінгі бір жыл ішінде тұрақты тіркеуде болуы қажет. Әрі жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауға тиіс. "Отбасы банкінде" сатып алатын баспана құнының 10 пайызы, яғни 1 млн 800 мың теңге алғашқы жарнасы бар депозиті болуы керек. Өз атында баспанасы бары бағдарламаға қатыса алмайды. Егер отбасында бірнеше мүгедек бар болса, онда оның әрбіріне балл есептеледі. 60 күннің ішінде пәтер алып үлгермесе, кезектегі баллы төмен адамға мүмкіндік беріледі"."Тұрғын үй қоры" КММ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Бекжан Сипат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз