Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов "Алтын Орда" базарында анықталған барлық заң бұзушылықты жоюды талап етті

"Алтын орда" базары, ҚР үкіметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 09:00 Сурет: primeminister.kz
Бас прокуратура "Алтын орда" базарының жұмысында 300-ден астам ҚР заңнамасы нормаларын бұзушылықты анықтады. Премьер-министр Смайылов ол бұзушылықтарды жоюды, ол үшін мобильді топ құруды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура және мемлекеттік органдар тексеру нәтижесінде санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам ҚР заңнамасы нормасын бұзушылық анықталды, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі

Алматы облысы әкімдігінің деректері бойынша анықталған заң бұзушылықтар ішінара жойылды. Дегенмен оның аумағында барлық заң бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін прокуратура, ішкі істер органдары, БҚДА, ҚМА және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, "Алтын Орда" базарының қызметін ретке келтіру және бағаны қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, 

Базарда 5 мыңнан астам сауда орны бар, оған келушілер күніне шамамен 50 мың сатып алушыға жететіні атап өтілді. Базар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көкөніс, ет өнімдері мен жемістердің көтерме саудасының 40%-ын және бөлшек саудасының 70%-ына дейін қамтиды. Оған тауарды негізгі жеткізушілер отандық өндірушілермен қатар көршілес елдердің компаниялары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: