Қызылорда облысының әкімі сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлық жасады

Аймақ басшысы "Бар мейіріміміз – балаларға" атты ертеңгілікке қатысып, балалардың өнерін тамашалады. Оларға мерекелік сыйлық табыстап, естелік суретке түсті. Іс-шара барысында Нұрлыбек Машбекұлы мекеме тәрбиеленушісі Әділбек Санжардың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына ақ жол тіледі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әрі қарай облыс әкімі Сәби үйінде 2022 жылы демеушілік арқылы салынған тұзды шахта бөлмесін және 2020 жылы іске қосылған сенсорлық бөлмені, егу, емдік-денешынықтыру, физиотерапия кабинеттерін аралады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Үш жыл бұрын мекемеге қондырылған цифрлы бейнебақылау жүйесін, ән-күй, Монтессори кабинеттерін, ата-ана мен баланың кездесу бөлмесін көрген аймақ басшысы ұжым сәттілік тілеп, мерекелік сыйлық тарту етті.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, облыстық Сәби үйі 2012 жылы "Сәби" қайырымдылық қорының гуманитарлық көмегімен ашылды. Нысан 60 орынға арналған, қазіргі таңда мұнда 45 бала тәрбиеленуде.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі