Жаңалықтар тізбегі
0

Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Тоқаев Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады.

"Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!" - деп жазылған құттықтауда.

Бүгін, 4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздерге Ту, елтаңба және әнұран жатады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз