Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында жүк көліктері не себепті жиналып қалғаны белгілі болды

Қырғызстан-Қазақстан шекарасы, жүк көлігі Сурет: freepik
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі "Ақ-Тілек-автодорожный" өткізу бекетінің алдында неліктен тағы жүк көліктерінің кептелісі пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар басқармасының мәліметінше, мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесінде орналасқан өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"2023 жылғы 5 маусымда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша "Ақ-Тілек-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінің алдында көліктер жинақталып қалғаны байқалады. Өткізу пункті маңында жүк көліктерінің жиналуы Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа елдерге экспортының маусымдық өсуіне байланысты", – делінген хабарламада.

Шекара қызметі мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі басқа өткізу пункттерінде "адамдар мен көліктер жиналуы тіркелмегенін" мәлімдеді.

"Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі тарапынан жүк тасымалдаушыларға шекаралық бақылаудан өтуге шектеу қойылмаған", – делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен тасымалдаушылардан Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметіне арыз-шағым тіркелмеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз