Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде 3 маңызды кездесу жоспарланған

Бүгін, 7 маусымда мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесулер жоспарланған, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 09:00 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 7 маусымда мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесулер жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді
Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды.
Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі.
Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: