Қорықшыларға суқұзғындарды атуға рұқсат беріледі
Сурет: pixabay
Қорықшыларға суқұзғындарды атуға рұқсат беріледі. Ертіс өзенінде жыртқыш құстар былтыр 130 мың тонна балықты жоқ қылған. Бұлар браконьерлерден де қауіпті болып тұр дейді мамандар.
Балық өсіру бағдарламасы бойынша Ертіске 40 мың тонна тұқы балығының тұқымы жіберілмек. Алайда салмағы 150-200 грамм ғана болатын шабақтарды су құзғындары бір аптаның ішінде жойып жібереді деген қауіп бар.
"Балық шаруашылығы субьектілерінің ұсыныстарын қабылдап бүгінгі таңда тиісті өзгертулер енгізілді. Енді сол өзгертулерге сәйкес осы балық шаруашылығы субьектілері қорықшыларына жаңағы суқұзғындарын атуға рұқсат берілді. Ол бұйрық бүгінгі таңда тиісті құзіретті органдармен келісілді." Аян Бахиянов, Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары
Биыл Ертіс өзені тасыған жоқ. Жылдағыдай жайылымға балық уылдырық шаша алмады. Салдарынан өзенде балық күрт азайды. "Бұның зардабы алдағы екі-үш жылда анық байқалады", - дейді мамандар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript