Қостанайда жезөкшелікке тарту бойынша қылмыстық схеманың беті ашылды

Заң бұзған адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 17:59 Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтады. Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
"Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін ол қыздарға ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсетумен айналысатындықтарын айтты. Қыздарды ол жеке күзетпен, әртүрлі жалдамалы пәтерлерде клиенттерді таңдаумен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ жеңгетай қысқа мерзімде жақсы табыс табуға уәде берген. Аталған бизнесті ұйымдастырушы жезөкшелікпен айналысуға 10-нан астам қызды тартқаны белгілі болды. Полицейлер қылмыс жасау тетігін және қылмыстың барлық қатысушыларын толық анықтады", – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Жалдамалы пәтерлер мен тұрғылықты жерлерге тінту жүргізу барысында жеке заттар, телефондар мен 5 млн теңгеден астам қаражат және 8 мың ресей рублі тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: