Астана мен Алматыда мефедрон өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Zakon.kz
29 қазанда "Бүркіт" тобын тарта отырып, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Көліктегі ПД Тергеу басқармасының қызметкерлері Астана мен Алматыда ұзақ уақыт бойы "мефедрон" психотроптық заттарын дайындаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Топ 4 адамнан тұрған.
Тексеру кезінде күдіктілердің психотроптық заттарды Алматыдан Астанаға жеке тасымалдаушылар арқылы автомобильдердің қосалқы бөлшектеріне жасырып тасымалдағаны анықталды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматыда көлік полицейлері гараж ретінде жасырынған зертхананы анықтады, онда психотроптық заттарды дайындауға арналған 26-дан астам жабдық, есірткіні дайындауға арналған 500 литр химиялық концентрат, сондай-ақ 1 келіден астам дайын психотроптық зат табылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар кінәсін мойындады, олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript